Мойынқұм таңы

Бос жұмыс орындары ұсынылды

0 7

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық Мансап орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қазанында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Акцияның мақсаты – жұмыссыздық мә­селесін шешу және азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту. Бұл шара аудан тұрғындарына жаңа жұмыс мүмкіндіктерін ұсынып, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізді.

Жәрмеңкеге аудан аумағындағы меке­мелер мен кәсіпорындардан 16 жұмыс беруші қатысып, түрлі салалар бойынша 85-ке жуық бос жұмыс орны ұсынылып, оған 45 адам қатысты. Ұсынылған мамандықтар қатарында от жағушы, медицина қызметкері, мал дәрігері, құрылысшы, жүргізуші, аспаз, есепші, күзетші сияқты сұранысқа ие бағыттар болды.

Іс-шараға аудандық Мансап орталығының мамандары, Пробация қызметінің басшысы Ахан Тналиев, «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Бейсенбек Нұрислам қатысып, жұмыс іздеушілерге тегін кеңестер берді.

Жәрмеңке нәтижесінде NEET сана­тындағы 4 жастың резюмесі қабылданды. Бұдан бөлек, жәрмеңке аясында 22 адам белсенді шараларға (жастар іс-тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға) тартылса, 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Іс-шара барысында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды;

–Жұмыспен қамту орталығының маман­дары мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес берді;

–Құжат жинау, түйіндеме жазу, әңгі­мелесуге дайындалу бойынша тегін ке­ңестер берілді.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында пробация есебінде тұрған тұлғаларға бос жұмыс орындары ұсынылып, 4 азамат жұмысқа орналастырылды. Бұл жәрмеңке жұмыссыз азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың еңбек нарығында өз орындарын табуға үлкен көмегін тигізді. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасып, аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейі арта береді деп күтілуде.