Ауданымызға қарасты Шығанақ ауылдық округіндегі Бурылбайтал ауылына – 100 жыл. Елді мекеннің ғасырлық мерейтойы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан «Сейділда» демалыс орнында ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерейлі мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға «Мойынқұм ауданына – 60 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
Сондай-ақ, шара барысында ауылдың ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен аудандық мәслихат депутаты Бекболат Өткелбаев құттықтау сөз сөйлеп, ауылдың тарихи маңызы мен тұрғындарының бірлігі мен еңбегін атап өтті.
Мерекелік іс-шара катерлер шеруімен басталып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Ауылдың 100 жылдық мерейтойы – ел тарихына деген тағзым, өткенге құрмет, келер ұрпаққа аманат. Осындай игі бастамалар туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, елдік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналатыны сөзсіз.