Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов, аудан әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңестің мүшелері, бөлім, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Жиында алдымен аудан әкімі Ермек Карентаевтің 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов 2024 жылы атқарған жұмыстарын баяндады.
–Заңға сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және осы сессия арқылы біз Президентіміз белгілеген міндеттерді іске асыра аламыз. 2024 жылдың қаңтар айынан бері аудандық мәслихаттың 19 сессиясы, соның ішінде кезекті 4, кезектен тыс 15 сессия өткізілді. Сессияларда жалпы 86 шешім қабылданып, 7 шешім ҚР Әділет департаментінде тіркеуден өтті. Сессиялар аудан әкімі және аудан әкімдігінің бөлімдерінің қатысуымен өтті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері қаралды. Олардың ішінде, Мойынқұм ауданы елді мекендеріндегі ауыз су мәселесі жөнінде атқарылып отырған жұмыстарды зерделеуге аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері арасынан жұмысшы топ құрылды. Ағымдағы жылы ҚР барлық деңгейдегі мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толғаны барлығымызға мәлім.
Облысымызда 30 жылдық мерейтой жоғарғы деңгейде атап өтілді. Облыс, қала, аудан мәслихаттары 30 жылдықты жоғарғы деңгейдегі спорттық және мәдени іс-шаралармен атап өтіп, барлық шақырылым депутаттарына және аппарат қызметкерлеріне 30 жылдыққа арналған мерекелік төсбелгімен марапатталды.
Мамыр айында Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарының ұйымдастыруымен, Тараз қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде волейбол, дойбы, дартыс, арқан тартыс, қашықтыққа жүгіру секілді спорт түрлерінен облыстық спартакиада өтті. Спартакиадаға аудандық, облыстық және қалалық мәслихат командаларынан жалпы 13 команда қатысты. Екі күнге созылған спартакиада барысында мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері арасынан құрылған Мойынқұм құрамасының волейбол командасы жүлделі 2-орынды иеленген.
Бүгінгі таңда депутаттардың сапалық құрамы төмендегідей.
Ұлттық құрамы; барлығы қазақ.
Білімі бойынша: 11 депутат жоғары білімді. Олардың ішінде, инженерлік — 1, ауыл шаруашылық саласы -1, экономикалық — 1, педагогикалық – 3, заңгер -2, кітапханашы -1, медицина саласынан 2 депутат.
Алдағы уақытта ауқымды міндеттерді бірлесіп, еліміздің билік органдарының алдына қойған мәселелерді ойдағыдай шешіп, ауданның экономикалық, әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосамыз деген ойдамын,–деді Нұртас Ұзақұлы.
Қоғамдық кеңес барысында аудан басшысы мен аудандық мәслихаттың төрағасына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдековтің, қоғамдық кеңес мүшелері Ернұр Нәдірғожин мен Алуа Үмбетқұловалар ағымдағы жылғы каналдарды тазалауға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштерді жөндеу жұмыстары мен абаттандыруға қаржы бөлінді ма? деген сұрақтарды қойып, тыңғылықты жауап алды.
Су тасқынының алдын алу шаралары туралы №18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрболат Дүйсенов тоқталды.
–Аудан бойынша су қорғау белдеулері мен аймақтарында су тасу қаупі бар 2 елді мекен (Мойынқұм, Жамбыл ауылдық округтері) орналасқан. Су тасу қатерінің алдын алу мақсатында топырақты үйінділер, бөгеттер жасалып, жағалаулар нығайтылған. 2024 жылдың 18 наурызында су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан аумағында су басу қауіпті аймақтарында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде су басу учаскелері анықталып, аудан бойынша Мойынқұм ауылы, Шу өзенінде, «Фурманов» су торабының төменгі және жоғары бетінде жағалауларды нығайту бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібекпен бекітілген 2025 жылға арналған инженерлік іс-шаралар жоспарына енгізілді және аудан әкімімен су тасқыны кезеңінде ТЖ қаупі төнген және туындаған кезде іс-әрекеттер алгоритмі бекітілді,-деді Н.Дүйсенов.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.