Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған «Еңсесі биік – Елорда, күмбірле – қара домбыра!» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше азаматтарды аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев құттықтау сөз сөйледі.
Кеш барысында күмбірлеген күй мен әуелеген ән шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазақ руханиятының айнасы – қара домбыраның қадірі дәріптелген кеште ұлттық өнеріміз ұлықталды.
«Нағыз қазақ – домбыра» дегендей, киелі аспабымыздың үні әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.