Мойынқұм таңы

Елін танытқан ер

0 24

Кеңес дәуірінде қазақтардың басты арманы ұлтын сақтап қалып, тәуелсіз ел болу еді. Осы жолда көп қиыншылықтармен күрескен жандар кем емес. Сол жолда талмай жұмыс істеп, халықтың тәуелсіздігін алуға ұмтылған тұлға – Дінмұхаммед Қонаев.

Қазақтың сүйікті ұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Әр ғасырдың, әр дәуірдің өз бояуы бар. Жарық-сәулелі, қоңырқай көлеңке тұсы да аз емес. Заманына, заманның саясатына қызмет еткен дараның бірі халық жадында өшпестей сақталған. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаев тарихтың төрінен зор орын алуы дау тудырмайды. Қонаев – өз заманының пер­зенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл дарынды тұлға қазақ халқы арасында жарқырап жүрген бір ерекше жұлдыздай көрінген. Шынында да, Қонаев халықтың қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері болды.

Халқымыздың біртуар перзенті Д.А.Қонаевтың туған күніне орай аудан­дық балалар мен жасөспірімдер кітап­ханасының ұйымдастыруымен «Елін танытқан ер» атты дөңгелек үстел өтті. Кешті кітапхана меңгерушісі осы жолдардың авторы ашып, жүргізіп Д.А.Қонаевтың өмірбаянына, тұлғаның мем­лекетке және халқына сіңірген ең­бегіне тоқталып өтті.

Кеште сөз алған ардагер Бекмұрат Жамбылов ағамыз ғасырда бір туатын дара тұлғаның ауданымызға жасаған жақсылығын әңгімелеп берді. Жамбыл мектеп–гимназиясының, Өнер және қосымша білім беру «Тіл» үйірмесі тәрбиеленушілері Д.Қонаев туралы атақты адамдардың бағалы сөздерін айтты. «Қонаев – ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап­хана әдіскері П.Жүнісбекова биб­лиографиялық шолу жасады.