Мойынқұм таңы

Еңбек адамдарының еңбегі еленді

0 10

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде «Еңбек күні» аталып өтті. Бұл мереке – маңдай терімен ел дамуына үнсіз үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарына көрсетілер құрметтің айқын белгісі. Биылғы жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны белгілі.

Осыған орай ауданымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатқа ие болды. Атап айтқанда, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен аудан әкімі аппаратының көлік жүргізушісі Үсібалиев Орман Өмірзақұлы мен тігінші Құлымбетова Қарлығаш Бейсенбекқызы марапатталса, аудан әкімінің Алғыс хатымен «Мойын­құм су-жылу» мекемесінің дәне­кер­леуші-қызметкері Нұрбеков Ыхтияр Әжімбайұлы, аталмыш мекеменің КамАЗ жүргізуші-қызметкері Төлебаев Бауыр­жан Өтебайұлы, аудандық өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері Аухабаев Ержан Қайратұлы мен Тұрғынбек Сайлау Талғатұлы марапатталды.

Бұл азаматтардың әрқайсысы – өз саласының майталманы, қажырлы еңбегімен ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар. Еңбек күні – жас ұрпаққа еңбекқорлық пен адалдықтың үлгісін көрсететін тағылымды мереке. Құрметті марапат иелері, Сіздердің маңдай терлеріңіз ақтала берсін, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер, мерекелеріңіз құтты болсын!