Ауыл еңбегін ардақтаған айтулы мереке ауданда кең көлемде аталып өтті. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтардың маңдай тері мен ел дамуына қосқан үлесі бұл күні айрықша құрметке ие болды. Берекенің бастауы – еңбек екенін дәлелдеген жандардың еңбегі көпшілік алдында лайықты бағаланды.
Салтанатты жиынға сала ардагерлері, еңбек озаттары, шаруақожалық жетекшілері мен мекеме қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қуандық Төлеубеков жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, жердің бабын тауып, адал еңбегімен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған еңбек адамдары – ел тұрақтылығының негізгі тірегі.
Мерекелік жиында салада ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы жемісті еңбегі үшін және кәсіби мерекеге орай «Асанбай» шаруа қожалығының жетекшісі Асанбаев Ерманат Дүйсенұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі «Талдыөзек» кооперативінің механизаторы Кариев Ержан Мәдіғұлұлына және «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Керімов Ғанибек Наймаханұлына табысталды.
Өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен «Тоғжан» шаруа қожалығының жетекшісі Тілеубаев Біржан Саржанұлы мен «Прали» шаруа қожалығының жетекшісі Піралиев Нұрлыбай Төребайұлы марапатталды. Ал «Көпбосын» шаруа қожалығының жетекшісі Төрекелдиев Әділбек Айдарханұлы облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Жамбыл облысы мәслихаты төрағасының Алғыс хатымен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас мамандары Жұмабай Елдар Серікұлы мен Нұрлыханұлы Серікболсын марапатталды.
Аудан әкімінің «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» медалі «Айдарлы Агро-2019» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Шалқарбеков Мейрхан Әбдікерімұлына және жеке кәсіпкер Дүйсенбаева Ұлдаркүл Жетібайқызына табысталды. Сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Бурылбайтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің трактор жүргізушісі Түйебаев Шағай Сатыбалдыұлы, «Кожамсейт» шаруа қожалығының жетекшісі Көпбосынов Бағзат Айтқұлұлы, «Абужайт» шаруа қожалығының жетекшісі Піралиев Абужайт Нұрашұлы және Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкері Тұрғынбаев Ербол Әшірәліұлы марапатталды.
Мереке аясында бірқатар азаматтарға аудан әкімінің бағалы сыйлықтары табысталды. Атап айтқанда, Мойынқұм аудандық статистика басқармасының қызметкері Мұсақұлов Талғат Айтқұлұлына, жеке кәсіпкер Сарсенбаев Абай Елемесұлына, Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің трактор жүргізушісі Еділбеков Мейірлібек Сапарғалиұлына, жеке кәсіпкер Ниязова Айша Жанатқызына, «Жұман» шаруа қожалығының жетекшісі Ақбергенов Қожабек Жұманұлына және жеке кәсіпкер Қанағат Болатқа бағалы сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы жемісті еңбегі үшін «Жуман» шаруа қожалығының жетекшісі Сағынбаев Қабылет Жұмажанұлы «Ауыл партиясына – 25 жыл» мерекелік медалімен, ал «Мойынқұм ауданынан – 60 жыл» мерекелік медалімен Хасенов Марат Амангелдіұлы, Сүлейменова Назира Ыбрахымқызы, Исаев Берікбай Қиясұлы, Үкітаев Ануар Төлегенұлы, Иманалиев Ерлан Тоғайұлы, Тезекбаев Мархабат Алмабекұлы, Бұлтбаев Нұрлан Ибрагимұлы, Нұршаев Нұрлыхан Рашханұлы, Исабеков Ардақ Омарұлы және Нарымбетов Серік Сарсенбекұлы марапатталды. Аудан әкімінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі Бейсенбеков Ізбасар Серікқұлұлына, Жұмахан Бекнар Жандосұлына, Мадиев Жәнібек Советбекұлына, Билібаев Кенжебек Зейнаділұлына, Асқаров Серік Әуесбекұлына, Мұқашев Әділет Сәкенұлына және Шынжарбеков Батырбек Кемелбекұлына табысталды.
Жиын барысында еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне ерекше назар аударылып, ауыл шаруашылығы саласының тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы да кеңінен айтылды. Ауылдың берекесі – елдің берекесі екені, ал сол ауылды ұстап тұрған қарапайым еңбек иелері екені тағы бір мәрте атап өтілді.
Ауданда өткен бұл мереке – тек салтанатты жиын ғана емес, адал еңбекті ұлықтаған, жұмыс адамын дәріптеген тағылымды шара болды. Еңбекке құрмет бар жерде – нәтиже бар. Ал нәтиже бар жерде – тұрақты даму мен жарқын болашақ бар.