Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрымова Гүлдара Алданышқызы Мойынқұм ауданына жұмыс сапары аясында Бірлік ауылындағы Желтоқсан клубында қоғамдық қабылдау жасап, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында пошта ғимаратын әкімшіліктің балансына алу мәселесі, газ құрылысын сапалы жүруіне бақылау жүргізу, ауылдық дәрігерлік амбулаторияны ауруханаға айналдыру, стадионға қоршау орнатылса деген сұрақтар көтеріліп, жауапты сала өкілдерімен талқыланды.
Сондай-ақ Гүлдара Алданышқызы Бірлік ауылындағы «Байбарақ-Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.
«Байбарақ-Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2019 жылы құрылған. Жер көлемі 100 га, оның ішінде жоңышқа 75 га, жүгері 10 га, тары 15 га. Кооперативте 13 техника жұмыс істеуде.
Іссапар барысында «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы М.Көшкімбаев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Б.Қалымбетовтер де бірге жүрді.