Мойынқұм таңы

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

0 16

Өткен аптада аудан әкімі Ермек Карентаев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.

Бұл жолы қабылдауға сегіз азамат келді. Азаматтар жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмек, еңбегінің өтеуі ретінде марапат жайы, жеке үйінің құжаты, тұрғын үй мәселесі, үйді жекешелендіру құжаттары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекеме, мешіт мәселесі бойынша аудан әкімінен көмек сұрады. Қабылдауға келген әр азаматтың өтініштерін мұқият, зер сала тыңдаған аудан басшысы барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сай толыққанды жауап берді.

Қабылдауда аудан әкімдігінің бөлім басшылары келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді. Аудан әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындардың кейбір сауалдарын мұқият зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізілуде.