Мойынқұм таңы

«Халық заңгері» акциясы өтті

0 6

Өткен аптаның жұмасында аудандық прокуратураның бастамасымен Биназар ауылдық клубы ғимаратында «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды.

Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау, оларға тегін заңгерлік және консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ түрлі салалардағы өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу – шараның негізгі мақсаты болды.

Акцияға аудан прокуроры Қайсар Бекмұратов, аудан әкімінің орын­басары Әлібек Нұрадинов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Көпбаев қатысты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне қарасты бірқатар бөлімдердің басшылары мен мамандары – ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері де тұрғындарды қабылдады.

Одан бөлек, акцияға аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық Мансап орталығының және аудандық кірістер басқармасының өкілдері, ау­дандық орталық аурухананың ма­мандары мен адвокат Алмас Садуов қатысты.

Кездесуге келген ауыл тұрғындары өздерін толғандырған түрлі әлеуметтік, жер және құқықтық мәселелер бойынша сала мамандарына сұрақтарын қойып, нақты әрі толыққанды жауап алды. Шара барысында тұрғындарға заңнамалық түсіндірмелер беріліп, кейбір өтініштер бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Биназар ауылының тұрғындары акцияның жоғары деңгейде ұйым­дас­тырылғанын атап өтіп, өз риза­шылықтарын білдірді. Мұндай шаралар халық пен мемлекеттік органдар ара­сындағы байланысты нығайтып, аза­маттардың құқықтық сауаттылығын арт­тыруға бағытталған игі бастама ретінде бағаланды.