Жуырда аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Орынбетұлы Төлегенов облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеевтің ауданға инвестиция тарту, жергілікті атқарушы органдар тарапынан келген инвесторларға барынша қолдау көрсету бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында, «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС) (Инвестор-Франция) өкілдерін қабылдап, пікір алмасты.
Инвестор жел энергиясын өндіруді ауданымыздың Мирный елді мекенінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобалық құны – 1,7 млрд. АҚШ доллары (шамамен 765 млрд. теңге). Жылдық қуаттылығы – 1 ГВт (гегават) электр энергиясын өндіру. Жоба жүзеге асқан жағдайда 150 адамға дейін жұмыспен қамтылады.
Бүгінгі күнде Бетпақдала жер қоры жерінен 45,0 гектар аумақта зерделеу жұмыстарын жүргізуге 3 жыл мерзімге мақұлдау алып, желді зерттеу машинасын және 4 жел мұнарасы (вышка) орнатылған. Электростанцияны кезең-кезеңімен салып, 2025-2027 жылдар аралығында толық іске қосу жоспарланды.