Мойынқұм таңы

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау – басты назарда

0 23

Өткен аптада аудан әкімінің орын­басары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы Мейірхан Төлеулиевтің төрағалығымен кезекті ко­миссия отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде «6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету туралы», ««Бестерек» жобасының жүзеге асырылу барысы, яғни аутодеструктивті мі­нез-құлықты кәмелетке толмағандарды анықтау, диагностикалау және оңалту бойынша жүргізілген жұмыстар, олардың діни сауат­тылығын көтеру, еңбегін пай­далануда заң талаптарының орындалуы, қылмыс және құқық бұзушылық жасаған жас­өспірімдерді өнерге баулу, спорттық секциялармен қамту туралы», «Балаларды скринингтік тексерулермен қамту және білім мекемелеріндегі медициналық қызмет көрсету туралы», «Ерте жүк­тіліктің алдын алу шаралары туралы», «Мойынқұм аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқар­масының мектеп асханаларындағы оқу­­­шы­­лардың тамақтану сапасына жүр­гі­зілген мониторинг жұмыстары туралы» мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев пен аудандық орталық ауру­ханасы бас дәрігерінің орынбасары Бағлан Жүнісбеков хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер тал­қыланып, Мейірхан Берікұлы тиісті меке­мелерге нақты тапсырмалар берді және орындалуы бақылауға алынатынын жеткізді.