2025 жылғы 18-19 ақпанда Бірлік ауылдық округі әкіміне кандидаттар Қ.Оспанов және Ғ.Сырымбетов кездесу кестесіне сәйкес Бірлік ауылдық округіндегі сайлаушылармен кездесу өткізді.
Әкімдікке кандидаттар сайлаушыларды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Кездесуге аудандық-аумақтық сайлау комиссия тарапынан комиссия төрағасы С.Сәдуақасов, комиссия төрағасының орынбасары Г.Мұқашева, комиссия хатшысы Е.Жұмаділдә қатысты.
Жиында ауыл тұрғындары кандидаттардың бағдарламасымен танысып, оларға өз ұсыныстарын айтып, алдағы өтетін ауыл әкімінің сайлауында сәттілік тіледі.
Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы жалпыға бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуі тиіс.
Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.
Кездесуде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Сәдуақасов Бірлік ауылының тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.