Мойынқұм таңы

Кезектен тыс сессия өтті

0 35

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов ашып, күн тәртібімен таныстырды.  Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов, аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессия алдында аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-3 «2024–2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, «Аудан бойынша 2028 жылға дейін қоғамдық тәртіпті сақтау аясында нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін» бағалау критерийі бойынша жоспарды бекіту және аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімовтің, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Құралай Ізбасарованың, аудан прокуратурасының өкілі Нұрзат Тұғылшиевтің, аудандық мәслихаттың депутаты Бекболат Өткелбаевтің тұрақты комиссия отырысындағы баяндамалары мен ұсыныс-тілектері назарға алынып, мәслихат төрағасы Нұртас Ұзақұлы шешім жобасын ұсынып, дауысқа салуды сұрады. Өкілеттігі бар депутаттар ұсыныстар мен шешім жобасын бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылданды.