Мойынқұм таңы

Кезектен тыс сессия өтті

0 7

Кеше аудандық мәслихаттың залында сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме басшылары, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №34-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші ор­ганның құрамы туралы», «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кеңес туралы», «Жер телімін немесе жер телімінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру, өткізу үшін комиссия құру және жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді реттейтін комиссия құру туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствааралық комиссиясы туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толма­ғандардың ісі және құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы туралы», «Мойынқұм ауданы әкімі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамы туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен бай­ланыстар жөніндегі Кеңес құру туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру туралы», «Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құру туралы» сынды мәселелер қаралды.

Сессия жұмысына аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев қатысып, депу­таттардың сауалдарына жауап берді.

Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.