Мойынқұм таңы

Кезекті аппараттық кеңес өтті

0 31

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Әмірхановтың төрағалығымен аудан активі толық құрамда қатысқан аппараттық жиын өтті.  Кеңестің күн тәртібінде «Жалпыға бір­дей декларациялау жұмыстары туралы», «Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және полигон жұмыстарына дайындық барысы туралы», «Аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы», «9 айға қаржы игерілуінің болжамы туралы», «Аудандағы мәдениет күндеріне дайындық барысы туралы», «Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 25.07.2024 жылғы №03-9/32, №03-9/33 және №03-9/39 шешімдерін қарау туралы» негізгі мәселелер мен ««Мектепке жол акциясы» республикалық қайырымдылық акциясы туралы», ««Мейірім» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» қосымша мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық кірістер басқар­масының басшысы Бақыт Байтик хабар­лама жасады.

–Кірістер мен мүлік туралы декла­рацияны жеке тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жыл сайын ұсынады.
Декларация тұрғылықты жері бойынша 15 қыркүйектен кешіктірілмей ұсынылады. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны Cabinet.salyk.kz Салық төлеушінің кабинеті, Еgov.kz «Электрондық үкімет» порталы, еSalyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «Жалпыға бірдей декларациялаудың» екінші кезеңі бойынша мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олар­дың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар 2023 жылға 270.00 формалы декларация тапсыруға міндетті. Аталған форма бойынша 825 азамат декларация тапсырмаған.

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін «Жалпыға бірдей декларациялаудың» үшінші кезеңі бойынша заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары 2024 жылға 250.00 формалы декларация тапсыруға міндетті. Аталған форма бойынша 707 азамат декларация тапсырмаған, -деді басқарма басшысы.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мақпал Берсебаеваның хабарламасы тыңдалды.

«Аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы» күн тәр­тібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марапат Қырғызбай хабарлады.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республи­касындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Мойынқұм ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №14-3 шешімін іске асыру туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 338 қаулысын басшылыққа алып, «Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мем­лекеттік мекемесі «коммуналдық тұр­ғын үй қорына тұрғын үй сатып алу» бағдарламасы бойынша «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есе­бінен» «Жергілікті бюджет қаражатты есебінен» сатушы Сырымбетова Нұрбибі Қалыбекқызымен 6 үйге сатып алу келісім шарты жасалып, жалпы құны 115 065 600 теңге болды. Алдағы уақытта қалған 6 үйге сатып алу келісім шарты жасалынатын болады, – деді бөлім басшысының міндетін атқарушы.

Келесі «9 айға қаржы игерілуінің бол­жамы туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімі басшысының мін­детін атқарушы Қарлығаш Кеншімова­ның хабарламасы тыңдалды.

–2024 жылдың 1 тамызына меншікті кірістер 1 682,5 млн. теңгеге орындалды (жоспар 801,4 млн. теңге) немесе 2,1 есеге орындалды, бюджетке 881,1 млн. теңге жоспардан артығымен түсті.

Оның ішінде: Салықтық түсімдер бойынша жоспар 795,2 млн. теңге болса, 1658,1 млн. теңгеге немесе 2,1 есеге орындалды, жоспардан артық 862,9 млн. теңге артық түсті, оның ішінде ЖШС «Мыңарал тас» бойынша бір жолғы түсім корпоративтік табыс салығынан 200,0 млн. теңге түскен.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 6,2 млн. теңге болса, 20,1 млн. теңгеге немесе 3,2 есеге орындалды, жоспардан артық 13,9 млн. теңге түсті. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден 4,3 млн. теңге түсті.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев аудандағы мәдениет күндеріне дайындық барысына тоқталып өтті. Содан кейін аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Алмаз Кенетаев Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 25.07.2024 жылғы №03-9/32, №03-9/33 және №03-9/39 шешімдерімен таныстырып, олардың орындалуы барысы жайында қысқаша айтып өтті.

«Мейірім» жобасы бойынша атқа­рылған жұмыстар мен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жайында хабарлау үшін аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Бажиковаға сөз берілді.

–«Мейірім» жобасы аясында 14 бала аудандағы мемлекеттік мекемелерге бекі­тіліп, «Отбасы банкі» АҚ-да кәмелетке толмаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 балаға есеп шоттар толық ашылды. Есеп шоттары ашылған 14 баланың шоттарына барлығы 1 млн. 50 мың теңге қаражат жиналған болатын.

Алайда, 2024 жылда 8 айдың ішінде тек қаңтар айында жалпы 14 баланың есепшоттарына 50 000 теңге салынған. Ақпан айынан бастап ақша салын­бағандығын, балаларға қаражат салу үшін демеушілермен түсіндіру жұмыстары жүр­гізілді, ешқандай нәтиже жоқ.

Аудандық білім бөлімінің 2024 жылдың 29 шілдедегі №308 бұйрығымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық ак­циясы басталды. «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық ақциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Аудан бойынша 80 оқушының тізімі жасалып, аудан әкімшілігіне жіберілді.

Бүгінгі таңға 24 оқушыға көмек көрсетіліп, 480 000 теңге көлемінде мек­теп формасы, мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынды, — деді Жанар Қайырқызы.
Осы тұста Ержан Әлімханұлы «Мейірім» жобасы бойынша төмен нәтижеге көңіл аударып, әріптестерін қайырымдылық шараларына белсенді атсалысуға шақырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, ауылдық округтер мен мекемелер бойынша ахуалдар талқыға салынды.

Кейбір мәселелер бойынша Ержан Әлімханұлы ауыл әкімдері мен бірқатар мекеме қызметкерлерін сынға алып, тәртіптік жауапкершіліктерін заң талабына сәйкес қарауды тапсырды.