Осы аптада «AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Берікұлы Төлеулиевтің қоғамдық қабылдауы өтті.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін, күнделікті өмірде кездесетін түйткілдерін ортаға салып, өз өтініш-тілектерін жеткізді. Олардың арасында жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, инфрақұрылым және ауылдық жерлердегі өзекті мәселелер қозғалды.
Әрбір азаматтың ұсынысы мен сауалы мұқият тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша нақты жауап берілді. Ал шешімді талап ететін сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің орынбасары тұрғындармен еркін форматта пікірлесіп, халықпен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай қабылдаулар – тұрғындардың мұң-мұқтажын жедел жеткізіп, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға бағытталған тиімді алаң.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдау – партияның басты қағидаты болып табылатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі.