Осы аптада сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХL сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Саурықов Нұртас Ұзақұлының төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев, Мирный ауылының әкімі Сайнұр Аманов, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары Сағынғали Аманов пен Жұманазар Көдеков, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Мирный ауылындағы мән-мағынасы ескірген көшелерді қайта атау бойынша Жамбыл облыстық ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу мәселесі қаралды.
Жиын барысында депутаттар аталған мәселе бойынша өз пікірлерін білдіріп, сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, бірқатар депутаттық сауалдар жолданды.
Бұл сауалдар заңнамаға сәйкес жазбаша түрде аудан әкіміне жолданатын болады.
Сессия соңында күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.