Мойынқұм таңы

Кітап – асыл қазына

0 22

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен 2025 жыл Жамбыл облы­сында «Кітап оқу жылы» болып жария­ланды. Осы жоба аясында аудандық орталық кітапханада «Кітап-асыл қа­зына» атты кітап фестивалі өтті. Фести­вальға аудан әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы, аудандағы зиялы қауым өкілдері, кітапхананың тұрақты оқыр­мандары мен мектеп оқушылары, мектеп кітапханашылары қатысты. Алдымен қатысушыларды аудандық орталық­тан­дырылған кітапханалар жүйесінің ди­ректоры Ғалия Шубаева Бейсебайқызы ауданның 60 жылдығына орай «Мойынқұм – тарихи өлке», «Бір ел – бір кітап», «Ел болып оқимыз», «Ұлы Абайдың туғанына -180 жыл» тақырыбындағы кітап көр­мелерімен, кітаптармен өрілген кітап инсталляцияларымен таныстырып өтті. «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша «Ертегілер елінде» тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана жанынан құрылған «Алтын босаға» қызығушылық клубының мүшелері әжелер кішкентай оқырмандармен ертегі оқыды. «Букинариум», «Кітап мен сені сүйемін» атты кітап инсталляциалары іс-шараның көркін аша түсті. «Кітап оқимыз, ұсынамыз» аясында аудан әкімі Е.Карентаевқа кітапхана қызметкері Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын оқуға ұсынды. Кеш соңында кітапхананың тұрақты оқырмандары Мерей Талғат, Әйгерім Көшкінбек, Өнер және қосымша білім беру мектебінің «Театр» үйірмесінің жетекшісі А.Мумееваның тәр­биеленушілері әдеби монтаждар оқып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқырман мәдениетін қалып­тастыру. Жастарды кітап оқуға баулып, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды сақтау.