Мойынқұм таңы

Комиссия отырысы өтті

0 13

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Талғат Салқанұлы Жамаловтың және аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаевтың қатысуымен «Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» кеңейтілген комиссия отырысы өтті.

Отырыста аудандық мәслихат тө­рағасы мен депутаттары, құқық қорғау және сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімі апппаратының басшысы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жер­гілікті қауымдастық төрағалары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым­дардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мү­шелері қатысты.

Комиссия отырысында Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссия­сының төрағасы Сержан Қалхаманұлы Садуақасов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, 2026 жылға қойылған міндеттерімен бөлісті.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппа­ратының басшысы Нұркелді Қа­зақбай­ұлы сайлаушылар тізімін өзек­тендіру және заңнама талаптары аясында жер­гілікті атқарушы орган мен сайлау комиссия­ларының өзара іс-қимылы туралы баяндады.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов комиссия оты­рысының маңыздылығы, облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, сай­лау жүйесіндегі жаңа реформалар, сай­лаудың ашықтығы мен жариялылығы, кандидаттардың сенім білдірген адам­дары мен саяси партиялардың байқау­шыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ор­талық сайлау комиссиясының төра­ғасының Алғыс хатын №308 сайлау учас­кесінің төрайымы Жанысова Балта­күл Уркенбайқызына табыстады.

Комиссия отырысында аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев кеңеске қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, сайлауға белсенді қатысқан комиссия мүшелерін құрмет және алғыс хаттармен марапаттап, комиссия отырысын қоры­тындылады.