Мойынқұм таңы

Көп балалы аналар марапатталды

0 22

2025 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің №829 Жарлығы аясында аудан әкімі Ермек Карентаев көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

«Алтын алқа» иегерлері: Исаева Аида Кеңесқызы, Ұзақова Анар Алмабекқызы, «Күміс алқа» Терлікбаева Бота Дауылбайқызы, Татиева Нейля Асқарқызы, Даубекова Айжан Ахметқызы, Ахметжанова Айжан Байгондиқызы, Бекұзақова Айнұр Елемесқызы.

Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі. Ел болашағын тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз.