Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» мамандары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Көдеков Жұманазар Жұмабайұлын Көрісу күнімен құттықтап, батасын алып қайтты. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.
«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14-наурызға сәйкес келіп отыр.
Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды. 14-наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе қарты бар үйлер ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарханын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек. Көрісуге келмеген адамға «Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын!
Ақпарат
- Бес ауыл аналарының шаттығы
- Астанадан үлкен әсермен оралдық
- Жастар таңдауы – Жаңа Конституцияның берік негізі
- Тоқаев: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауымыз керек
- Референдум – халық таңдауы: жаңа Конституция ел болашағын айқындайды
- 12 мың ұсыныс – халық үні: Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ дамуының берік тұғыры
- Референдум: жаңа конституциялық үлгіге көшу – саяси жүйені жаңғыртудың маңызды қадамы
- Референдумда дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы білуге болады
- Референдумда дауыс беру — азаматтық міндетіміз
- Әрбір дауыс маңызды
Алдыңғы жазба