Мойынқұм таңы

Күзгі әскерге дайындық барысы талқыланды

0 10

Өткен жұма күні облыс әкімдігі жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысының міндетін атқарушы Әмірханов Ержан Әлімханұлының қатысуымен көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары мен күзгі әскерге шақыруға дайындық барысы талқыланған жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Ермек Карентаев төрағалық етті.

Кеңесте аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, под­полковник Болат Әуелбаевтар баяндама жасап, көктемгі әскерге шақыру кезеңінің нақты көрсеткіштерімен таныстырды.

2025 жылдың көктемгі шақыру науқаны бойынша ауданда 18-27 жас аралығында 1045 жас әскери есепке тіркелген, оның ішінде 130 шақырылуға жатқызылған.
ҚР ҰҚК Шекара Қызметі, ҚР Қарулы Күштері, ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметі, ҚР Ұлттық Ұланы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тарапынан ауданымызға көктемгі әскерге шақыруға берілген тапсырыс 62 жасақ, орындалған 50 жасақ, немесе 80,6 пайызды құраған.
Ұлты бойынша әскер қатарына кеткендер 47- қазақ, 1-орыс, 1-түрік, 1-өзге ұлт өкілдері бар.

Ағымдағы жылдың күзгі шақырту науқаны бойынша бүгінгі таңда облыстық қорғаныс департаментінен 61 жасақ берілді.

Аудан бойынша 1033 жас әскери есепке тіркелген, оның ішінде — 79 шақырылушы жатқызылды.

Оның ішінде:
ҚР ҰҚК шекара қызметі – 7 шақырылушы;
ҚР Қарулы күштері – 31 шақырылушы;
ҚР Ұлттық Ұлан – 22 шақырылушы;
ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне – 1 шақырылушы;

Зерделеу жұмыстары барысында барлығы -17 шақырылушылар іріктелген.
Оның ішінде: ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 8 адам, ҚР Қарулы күштеріне – 5 адам, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланына –3 адам, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне – 1 адам бар.

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес шақырту жұ­мыстары жүргізілуде. Әскери техникалық мектеп бойынша 2025 жылдың бесінші оқу кезеңінде 2 адам (ақылы негізде 2 азамат, ақысыз негізде 1 азамат) оқу үстінде.

Қиындық туғызып тұрған мәселелер бар. Олар медициналық жабдықтардың және жиһаздардың жоқтығы, ауылдық округтердің алшақтығына байланысты қатынау, автокөліктің жоқтығы ауылдық әкімшілік округтерде өздеріне жүктелген лауазымдық жұмысын толыққанды ат­қармауы және жұмыстарына салғырт қарауда.

Жиын барысында қатысушылар та­рапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Әсіресе, әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайы, құқықтық түсіндіру жұмыстары және жастармен патриоттық тәрбие бағытындағы жұмыстар кеңінен сөз болды.

Кездесудің соңында қорытынды сөз сөйлеген аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыруды міндеттеді. Аудан әкімі аппараты көктемгі әскерге шақыру науқанына берілген жасақты тиісті деңгейде орындамаған ауыл, ауылдық округі әкімдерінен түсінік алып, тиісті шаралар қабылдауын тапсырды.