Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында жиын өтті. Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы филиалының бастығы Дәурен Бұрханов, Жамбыл облысы бойынша кординатор Қаламқас Төреқұл, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбайлар спикер ретінде қатысты.
МӘМС іске қосылғанға дейін адамдар кейбір медициналық қызметтерді ала алмады, ал енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында медициналық қызметтердің көп бөлігі МӘМС пакетіне кірді және сақтандырылған азаматтар үшін тек жарналар есебінен, осы қызметтерге қосымша ақы төлемей-ақ қолжетімді болды. МӘМС жүйесіндегі артықшылық сақтандырылушы мәртебесі болған кезде медициналық қызметтердің кең тізбесін алу болып табылады. Шұғыл көмек шынымен де сақтандырылмаған, өйткені ол ТМККК шеңберінде жүргізіледі. Дегенмен, барлық дерлік аурулардың диагностикасы барлық оңалту және жоспарлы емдеудің көп бөлігі сияқты МӘМС тізіміне ғана кіреді. МӘМС бойынша мамандардан кеңес алуға, диагностикалық процедуралардан өтуге, көптеген зертханалық талдаулардан өтуге, стационарда ем алуға болады. Жоспарлы операциялар, соның ішінде бірегей, заманауи жоғары технологияларды қолдана отырып, МӘМС бойынша да жүргізіледі. Адам жарналарды заңда көзделген міндет болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның денсаулығы үшін қоғам алдында ортақ жауапкершілікте болғандықтан төлейді. Дәл осындай жауапкершілікті жұмыс беруші МӘМС-ке өз қызметкері үшін аударымдар жүргізе отырып, олардың скринингтік зерттеулерден өтуіне жағдай жасай отырып көтереді. Үшінші қатысушы – медициналық көмектің сапасын және оның қолжетімділігін арттыруға қамқорлық жасайтын, яғни барлық жағдайды жасайтын мемлекет,-деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы филиалының бастығы Дәурен Бұрханов.
Кординатор Қаламқас Төреқұл өз баяндамасында ауданда жыл басынан бері сақтандырылмағандар саны 4883 екенін атап өтіп, қазіргі таңда 915 азамат сақтандырылғандар тізіміне еніп, нақты 3968 аудан тұрғыны әлеуметтік медициналық сақтандырылмай жүргенін айтты. Ал ауданда қызметкерлер үшін МӘМС жарналарын төлемей жүрген мекемелер саны 31 екен. Олардың басым бөлігі білім саласы. Оған себеп білім саласындағы еңбек демалысының ұзақтығы,-дейді Қаламқас Батыралықызы. Өйткені МӘМС-ті бақылаушы базада 1 айдан артық уақыт жарна төленбейтін болса қызметкерлер тұрақты сақталмаған болып саналады екен.
Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төңірегінде айтылып жатқан дау да, сан түрлі пікір де жетерлік. Бұл жиынның да мақсаты – МӘМС жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ауданымыздың осы салада қызмет көрсетіп жүрген бірқатар азаматтары да МӘМС жұмыстарын орындау кезінде кездесетін кедергілер жайлы айтып, қандай да бір өзгерістер енгізу жайлы ұсыныс жасады. Биназар ауылдық округінің әкімі Қамбар Атаев «Ауыл аманаты» бойынша несие алған өзін-өзі қамтушыларға несие бағдарламасына сәйкес жеңілдіктер қарастыру жағын ұсынды.