Мойынқұм таңы

Маңызды мәселелер қаралды

0 26

Жақында аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Шахикерім Исабековтің төраға­лығымен өткен отырысқа аудан әкімі аппа­раттының басшысы Н.Қазақбайұлы, аудан әкімдігі ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы Ғ.Сырымбетов, ZOOM байланынысы арқылы Қазақстан Республикасы Қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Құрбановтар қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық орталық ауруханасының атқарылып жатқан жұмыстары туралы, орталық аурухананың бас дәрігері Данияр Ахмеджанов баяндама жасады.

Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері Шахикерім Исабеков, мектептердегі медициналық пункттерді дәрі-дәр­мекпен және кадрмен қамтамасыз ету туралы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков I топтағы мүгедек М.А деген азаматқа емделу-сауықтыру орталығына баруына ықпал етуді сұрады. Ал Мұханбетқұл Сабыров болашақта ашылатын Шу ауданаралық медициналық орталықтың жұмысы туралы пікірлерін білдіріп, орталық аурухана жұмысын назарға алуды ұсынды.

Келесі мәселе бойынша, Жамбыл және Қызылотау ауылдық округтерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің атқарылуы туралы округ әкімдері Ақсана Қалыбаева мен Жандос Қуантаевтар хабарлама жасады, хабарлама назарға алынды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Мойынқұм аудандық мәсли­хатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-2 «2024-2026 жылдарға арналған ауданның ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Еркін Кеншімов хабарлама жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Мұханбетқұл Сабыров пен Ғалия Шубаева­лар өз пікірлерін білдірді, пікірлері назарға алынды. Содан соң Қоғамдық кеңес төрағасы Шахикерім Исабеков отырысты қорытындылады.