Мойынқұм таңы

Маңызын түсіндіріп, жауап берді

0 5

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын түсіндіру аясында азаматтарға арналған консультация өтті. Жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалы төрағасы Манарбек Көшкімбаев, еңбек ардагері Мұратхан Естаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ғалия Шубаева сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын кеңінен таныстыру, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндіру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Консультация барысында жобада көз­делген негізгі бағыттар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қор­ғау тетіктері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, конститу­циялық реформалардың қоғам үшін маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай консультациялар азамат­тардың ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуына мүм­кіндік беріп, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.