Мойынқұм таңы

Мемлекеттік гранттарды дұрыс үлестіру жайы қаралды

0 36

«Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алибеков Серік Айдарұлының және Мойынқұм ауданы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарауға арналған комиссия құрамының толық қатысуымен пікір алмасу семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасының 2- тараудың 17-тармағы талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, комиссия отырысының әділ өтуі туралы пікірлер айтылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының өкілі Үсіпжанов Нәділ Найманұлы өз кезегінде сөз алып, «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Серік Айдарұлының келіп, комиссия құрамымен танысып, бағыт-бағдар бергеніне рақметін айтып, жастарға жеңілдетілген несиенің, қайтарымсыз гранттың санының аз екенін айтып, шалғай ауданға берілетін жеңілдіктері көбейтілсе деген пікірін жеткізді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарауға арналған аудандық комиссия төрағасының орынбасары Елдос Ерғабылұлы беріліп жатқан мемлекеттік гранттың жас кәсіпкерлерге үлкен қолдау екенін атап өтіп, мемлекеттік грант алған кәсіпкерлерге тұрақты әдістемелік қолдау көрсетіп, кәсібінің дамуына үлес қосу жағы қарастырылса деген пікірін білдірді.
Сондай-ақ Мойынқұм ауданы мансап орталығының 1-тоқсан қорытындысы, белгіленген межелердің орындалуы, туындап жатқан қиындықтар талқыланды.