Мойынқұм таңы

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаевтің 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтауы

0 14

Құрметті «Мойынқұм таңы» газетінің және аудандық медиа­ор­талығының ұжымы!
Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған «Мойынқұм таңы» – ауданымыздың төл шежіресін жазып келе жатқан, халқымыздың үніне айналған бірегей басылым. Ал аудандық медиаорталық – жаңалықты жедел жеткізетін, заманмен үндесіп, ақпараттық кеңістікте кең құлаш жайған сенімді арна.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, қалам қайраты мен із­деністеріңіздің арқасында аудан жұртшылығы ел мен өңірдегі маңызды жаңалықтардан, саяси-әлеуметтік, мәдени оқиғалардан дер кезінде хабардар болып келеді. Ақпарат таратуда, қоғамдық пікір қалыптастыруда, халық пен билік арасындағы алтын көпір болуда еңбектеріңіз зор.

Сондай-ақ, бүгінгі күні патриоттық тәрбие беру, ұлттық құн­дылықтарды насихаттау, өзекті мәселелерді ашық көтеру арқылы ел ішінде бірлік пен сенімді нығайтып отырсыздар. Әлеуметтік желілермен жұмыс істеудегі белсенділіктеріңіз – жаңа заман журналистикасына бейімділік пен кәсіби серпіннің көрінісі.

Мерекемен тұспа-тұс келіп отырған бас басылымның 60 жылдық мерейтойымен және барша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, сіздерге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, мықты денсаулық, отбасылық береке, жаңа биіктер тілеймін!

Ақпарат ағынында алдыңғы қатарда бола беріңіздер!