Мойынқұм таңы

Мойынқұм бояулары

0 24

«Көне Тараз тарихи, этно-мәдени кешені», көркем сурет галлереясында Қазақстан Этнодизайнерлер одағының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен ауданымыздағы Биназар ауылының белгілі қолөнер шебері Қамшыбек Оңласыновтың «Мойынқұм бояулары» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш кеште Қазақстан бейнелеу өнері мен рухани құндылықтар жаңғыртылып, Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс көтеріңкі көңіл-күй ұсынылды.

Осы бағытта Қамшыбек Оңласынов 35 жыл бойы Мойынқұм ауданында тапжылмай қызмет етіп, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде талмай еңбек етуде.

Аталмыш кеш аясында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағы қоғамдық қоры секретариатының мүшесі- Аканаев Бейсебек Әтібекұлы, Лондонның Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ҚР қоғамдық қоры Суретшілер академиясының мүшесі және Санкт-Петербург қаласының Анненков атындағы сыйлықтың лауреаты — Қаңтарбаев Мақсат Қырғызбайұлы, ҚР Этнодизайнер одағының президенті, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты — Салтанат Жапарова сөз сөйлеп, Қамшыбек Оңласыновқа сый-сияпаттарын табыстады.