Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 жарлығына сәйкес аудан орталығы Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарқұл аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындарынан барлығы — 40 адам қатысты.
Алдымен ауыл әкімі Рүстем Бәкенұлы ауылдың 2024 жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша әлеуметтік -экономикалық дамуының қорытындыларына және жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындарына сөз кезегі беріліп, сұраныстары мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
К.Қабышев көшесінің тұрғыны Р.Қасабекова — Қабышев көшесінде түнгі көше жарықтары неге жанбайды? Түнде қараңғы ертен сабақ басталады оқушылар сабақтан қайтқанда көше шамдары жанып тұрғаны дұрыс, -деп сауалын жолдап, пікірін білдірді.
Казіргі уақытта түнгі көше жарықтары бойынша көшелерді аралап жанбай тұрғын шамдардың тізімін жасап, көше шамдарының жану уақыттарын (таймер уақытын) ауыстырып қойылуда. К.Қабышев көшесі бойынша арнайы электр мамандары жөндеу жұмыстарын атқаруда. 1 қыркүйекке дейін ретке келтіретін боламыз, -деп Рүстем Бәкенұлы жауап берді.
К.Нарымбетов көшесінің тұрғыны М.Қойлыбаева жаз уақыттарында түнде үйдің терезесін ашып жатамыз. Қазіргі таңда ауылымызда мотоциклдар түнімен дауыстары қатты шығып ұйқы бермейді. Осы жағдайды қолға алсаңыздар дейді.
Бұл мәселе бойынша АПБ-і тарапынан түнгі уақытта мотоциклдарды тексеру және заңсыз, құжаттары жоқ мотоцикл жүргізушілеріне айыппұл салу, автотұраққа қою бойынша іс-шаралар атқарылуда, деген жауап берілді.
Осы ретте ауыл тұрғыны Балуан Шолақ көшесінің тұрғыны А.Рысбекова Балуан Шолақ көшесінің бойына қоқыс тастайтын жәшік қойуға бола ма? Болса қойып берсеңіздер деген сауалын қойды.
Ол сұраққа Рүстем Бәкенұлы: Әкімдік тарапынан халық көп жиналатын қоғамдық орындарға, саябақ, скверлерге, кәсіпкерлік нысандардың алдына қоқыс тастайтын жәшік қойылады. Сіздің жеке тұрғын үйіңізден шыққан тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы қоқыс тастайтын орынға шығаруыңыз қажет, -деп жауап берді.
Иә ауданымыздағы басты мәселелердің бірі тұрмыстық қалдықтардан тұратын қоқыстар болып отыр. Әрбір тұрғын өз үйінен шығатын қоқысты тиісті жерге жеткізсе, не болмаса қауіпсіз жолмен өртеп, жоятын болса бұл мәселенің шешімі оңай болар еді. Өкінішке орай тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарға бей-жай қарауы мен кез-келген жерге лақтыра салуы осындай үлкен мәселе тудырып отыр. Осыған орай ауданның әрбір азаматына өзі тұтынған заттардың қалдығын тиісті орындарға тастау, немесе жою арқылы ауылымыздың ластануына тосқауыл қоя алатынымызды жеткізгім келеді.
Тазалық тазалаған жерде емес таза ұстаған жерде болады, сол себепті өз ауылымыздың тазалығын сақтауға бәріміз ат салысайық ауылдастар.