Мойынқұм таңы

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

0 11

Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрымова ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарымен жүздесіп, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сапардың басты мақсаты – ауылдардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ел ішінде қордаланған мәселелерді жергілікті жерде талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдау.

Халық қалаулысын аудан шека­расынан аудан әкімі Ермек Карентаев бастап күтіп алды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы аудандық филиалының тө­рағасы Манарбек Көшкімбаев, ау­дандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов және аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков де­путатты қарсы алып, жұмыс са­парының бағдарымен таныстырды. Са­пар барысында аудан бас­шылығы ауылдық елді мекендердегі әлеу­меттік инфрақұрылым, қызмет сапасы, кадр тапшылығы секілді өзекті тақырыптар бойынша ақпарат беріп, қолға алынып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жұмыс сапары Биназар ауылынан бастау алды. Мұнда депутат алдымен дә­рігерлік амбу­латорияның қызметімен танысты. Ме­­дициналық пункттің мате­риалдық-тех­­­никалық жағдайы, тұрғындарға көр­­се­тілетін қызметтің қолжетімділігі, ем­­деу-алдын алу шараларының орын­да­луы сынды мәселелер назарға алынды. Ауыл тұрғындары үшін амбулатория – ең қажетті нысанның бірі. Сондықтан қабылдау барысында медицина сала­сындағы түйткілдер, әсіресе маман тап­шылығы ашық айтылды. Жергілікті жұрт дәрігерлердің жетіспеушілігі ауылдағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін жеткізіп, бұл бағытта нақты қолдау қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін депутат Биназар ауы­лындағы О.Жандосов атындағы орта мектепке барып, білім ошағының жай-күйіне қанықты. Мектептің материалдық базасы, оқу кабинеттерінің жағдайы, оқушылардың қауіпсіздігі, күрделі жөндеу қажеттілігі сынды тақырыптар талқыланды. Ұстаздар қауымы мен ауыл белсенділері мектепке күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін, оқу ғимаратының уақыт талабына сай жаңғыртылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ауылда заманауи талапқа сай балабақша салу мәселесі де көтеріліп, жас отбасылар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымының тапшылығы сезілетіні жеткізілді.

Сапардың келесі бағыты – Айдарлы ауылы. Мұнда депутат ауылдық клуб үйінің жұмысымен танысты. Мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жастардың шығар­машылығын дамытуға, қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін маңызды орын. Клуб үйінің қызметі, ауылдағы мәдени-көпшілік жұмыстардың жүйесі және тұрғындардың сұранысы назардан тыс қалған жоқ.

Айдарлы ауылында ашық форматта қо­ғамдық қабылдау ұйымдастырылып, тұр­ғындар депутатқа тікелей сауалдарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді. Қо­ғам­дық қабылдау кезінде көтерілген мәселелер ауыл өмірінің ең өзекті бағыттарын қам­тыды. Атап айтқанда, ауылға газ жеткізу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану мен инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік жұмысшы қажеттілігі, жаңа балабақша салу, мектеп ғимаратын жөндеу, медицина саласындағы кадр тапшылығы секілді түйт­кілдер кеңінен сөз болды. Тұрғындар ұсыныс айтып қана қоймай, нақты шешім күтетіні анық аңғарылды.

Кездесу барысында депутат Гүлдара Алданышқызы тұрғындар тара­пы­нан көтерілген әрбір мәселе на­зарға алынатынын, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдау, жауапты мекемелермен бірлесіп жұ­мыс жүргізу арқылы шешу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган өкілдері аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды, жоспарланған жобаларды атап өтіп, бірқатар мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Жалпы, бұл сапардың маңызы – халық пен билік арасындағы байланысты күшейтіп, ауылдағы нақты ахуалды ашық талқылауда жатыр. Мұндай жүздесулер «естіп қана қою» үшін емес, мәселені шешуге бағытталған нақты әрекеттерге жол ашуы тиіс. Өйткені ауылдағы әрбір көтерілген мәселе – жай ғана өтініш емес, ол тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін қажеттілік.