Аудан басшысы Ермек Карентаев аудан орталығы Мойынқұм ауылын абаттандырып көріктендіру, жаңа жобалар қарастыру мақсатында Мойынқұм ауылдық округ әкімі Рүстем Тұрарқұлмен бірге ауыл ішін аралалады. Аралау барысында Мойынқұм ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Мұханбетқұл Сабыров және аудандық мәслихат депутаты Бекболат Өткелбаев та болды.
Нәтижесінде аудан басшысы айтылған ұсыныстар мен мәселелерді назарға алып, әрбір аталған мәселе бойынша арнайы мамандардың саралау жұмыстары жүргізілетінін айтты.