Өткен аптада «АМANAT» партиясы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы комиссия төрағасы Нұртас Саурықовтың төрағалығымен өтті.
Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Бірлік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Оспанов, аудан әкімдігі ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қаржы бөлімдерінің басшылары Жанар Несіпбаева, Самат Тынышбеков, Лаура Қазақбаева және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне Бірлік ауылдық округі әкімінің, аудан әкімдігі ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің 2024 жылғы атқарған жұмыстарының есептерін тыңдау, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің 2024 жылы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша есебін тыңдау ұсынылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бірлік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Оспанов, бөлім басшылары Жанар Несіпбаева, Самат Тынышбеков, Лаура Қазақбаева есеп берді.
Отырыс барысында баяндамашыларға партияның аудандық филиалының консультанты Ернар Сағымбаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Мұратхан Естаев, Жамбыл Қалыбаев, филиал төрағасы Манарбек Көшкімбаев сұрақтар қойып, оған нақты жауап алды.