Мойынқұм таңы

Павлодар тұрғындары Президенттің бастамасымен әзірленген халықтық Конституцияны қолдады

0 5
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы мен оның өңірге және елге әкелетін мүмкіндіктері туралы пікірлерімен бөлісті.

 

Жалпыұлттық референдум қарсаңында Коалиция өңірлерде, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде де 12 мың іс-шара өткізді. Миллиондаған қазақстандықтар жаңа Конституцияны қабылдаудың маңыздылығын түсініп, құжатта қамтылған құндылықтардың өздері үшін өзекті екенін айтып, елдің дамуы мен өз жоспарларын іске асыруға берілген үлкен мүмкіндік деп санайды. Бұл туралы Коалиция мүшелері Павлодар облысының орталығындағы Қалалық мәдениет сарайында өңірдің қоғамдық өкілдерімен өткен кездесуде айтты. Жиынға шамамен 900 адам жиналды.

Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы ұсынған жаңа Конституция жобасы халықтың және белсенді азаматтардың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделгенін атап өтті. Парламенттік реформаны дайындау кезінде Конституциялық комиссияға қазақстандықтардан 10 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Мәжіліс Спикері Павлодар облысының ғалымдары, тұрғындары, сарапшылары мен қоғам өкілдері осы ірі тарихи кезеңнің белсенді қатысушыларының бірі болғанын атап өтті.