Мойынқұм таңы

«Қоғам сақшысы» акциясы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

0 8

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны күні «Қоғам сақшысы» жобасы аясында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – түнгі уақытта жасөспірімдер тарапынан орын алуы мүмкін заңбұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңмен белгіленген уақыттан тыс мезгілде жүруі, интернет-клубтарда және қоғамдық орындарда себепсіз болуы секілді әрекеттердің алдын алу болып табылады.

Рейдке «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен қатар аудан әкімі аппараты мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Бірлескен жұмыстар барысында аудан аумағындағы бірқатар дүкендер мен сауда орындары тексеріліп, кәсіпкерлік нысандардың иелеріне заң талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің рұқсатынсыз көшеде жүруіне тыйым салынатыны жөнінде ескерту жасалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қоса бермек.