Сейсенбі күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Ш.Исабековтің төрағалығымен аудандық Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы төмендегідей күн тәртібімен өтті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мойынқұм аудандық білім бөліміне қарасты, №2 және Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары туралы баяндады.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары М.Төлеулиев, Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ә.Мұқашев, Бірлік ауылдық округінің әкімі Қ.Оспанов, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептің директоры А.Сәлібеков, «Дәурен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Р.Берденбаева қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев хабарлама жасады. Ол өз сөзінде Айдарлы ауылындағы №2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталғандығын, аббаттандыру жұмыстары бітуге жақын, нысанды қабылдау жұмыстары жүріп жатқандығы, Қ.Рысқұлбеков атындағы мектепте, жалпы жұмыстардың негізі біткендігі, жұмыс қарқынды жүріп жатқандығын, жұмыстардың кешеуілдеуіне байланысты, мердігерге сот шешімі арқылы айыппұл салынғандығын атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері М.Сабыров, мектептердегі асханалар мен әжетханалардың жөндеу жұмыстары, Ж.Көдеков, қазандықтардың жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алып, Ш.Исабеков, мердігерлерге әлі де қатаң талап қою қажеттігін, жұмыстың орындалуын, мектеп директорлары мен ауыл әкімдері тұрақты бақылауда ұстау керектігі туралы айтты. Сондай-ақ, Қ.Оспанов, Ә.Мұқашев, А.Сәлібековтер мен мердігер компания өкілі Р.Берденбаевалар да өз ой-пікірлерін білдірді. Отырыста тиісті шешім қабылданды.