Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген
ризашылықтың белгісі. Айтулы күнге орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков көктемнің алғашқы күні – Алғыс айту күніне байланысты ауданға еңбегі сіңген этнос өкілдерін қабылдап, мерекемен құттықтады.
–2016 жылдың 14 қаңтарында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, 1 – наурыз Алғыс айту күні деп жарияланды. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Бүгінде бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдерінің қара шаңырағына айналған Қазақстандағы бұл мереке айрықша күн. Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін -деген Әлихан Әбіләшұлы бірқатар өзге ұлт өкілдерін Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары мен марапаттап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын тапсырды. Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов та ізгі тілегін білдіріп, Алғыс хаттарын табыс етіп, сый-сияпат жасады.
Елеп-ескеріп, құрмет көрсеткен аудан басшыларына өзге ұлт өкілдері де алғыстарын айтып, ақ жарма тілектерін жеткізді.
Мерекелік жиында аудан өнерпазы Ержан Омаров баянның сүйемелдеуімен әннен шашу шашып, іс-шараның көркін қыздырды.
Ақпарат
- Ауыл әкімдері таныстырылды
- Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады — Тоқаев
- Қазақстанның жаңа Парламентінде қанша депутат болады?
- Тоқаев Қазақстан Парламентіне жаңа атау ұсынды
- Қазақстанда мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады
- Инфрақұрылым, заң үстемдігі және адами капитал: Президенттің Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
- Кезектен тыс конференция өтті
- Тағылымы– ұрпаққа үлгі
- Заң және тәртіп –дамудың және әділеттіліктің кепілі
Алдыңғы жазба
Келесі жазба