Мойынқұм таңы

Құрмет көрсетілді

0 27

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Оған еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат де­путаттары, аудандық қорғаныс істері, әлеуметтік сала қызметкерлері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Мерекелік іс-шараның ашылуында алдымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев мерейлі 75 жасқа толған ауданның Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдековке құттықтау хат пен бағалы сыйлық тапсырды. Содан соң Ауған соғысына қатысқан Қонысбай Ибраев, Кеңес әскерлері қатарында қызмет етіп, бүгінде жас ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрген Жангелді Есдәулетов, Пернебай Рысымбетов, Қайрат Оразымбетов, әріптесіміз Қуаныш Көбенғараевтарға партия филиалы мен аудан әкімінің Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков көрсетілген құрмет үшін рақметін айтып, ізгі тілегін жеткізді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Айдархан Сәрсенбеков, мәслихат депутаттары Ғалия Шубаева, Пернебай Рысымбетов, аудандық орталық ауруханасының дәрігері Нәйлә Оразалиева құттықтау сөз сөйлеп, жастарды ел үшін аянбай тер төгіп еңбек етуге, отансүйгіштікке шақырды.