Мойынқұм таңы

Құрмет көрсетілді

0 25

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.

«Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді президент.

Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Осы орайда аудан әкімі Ермек Кәрентаев жұмыс сапары барысында бірқатар қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің отбасыларына барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап қайтты.

Алғашқы отбасы Мойынқұм ауылдық округінің тұрғыны Таңатов Мақсат Шәкиұлы, көпжылдық еңбек өтілі бар экскаватор көлігін жүргізуші. Бүгінде адал еңбектің берекесіне бөленуде.

Келесі Бірлік ауылдық округінің орманшысы, 8 жылдық еңбек өтілі бар, 3 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке Мәуленов Бақытжан Өмірзақұлының шаңырағына барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Бұдан бөлек Айдарлы ауылдық округінің тұрғыны «Айдарлы совхозының» қызылша шаруашылығында жұмысшы, сүт фермасында сауыншы, бас шопан қызметтерін атқарған Тілеубаева Күлзада Тілеубайқызының шаңырағында болып, ақ жаулықты асыл анамызды мерекемен құттықтады. 1987 жылы аудандық кеңестің депутаты, 1989-1991 жж. КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болған К.Тілеубайқызы бүгінде 5 бала тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған аяулы әже. 1998 жылдан бастап «Ынтымақ» шаруақожалығын ашып, басшылық етіп, бүгінде еңбегінің жемісін көруде.