Мойынқұм таңы

Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

0 8

Өткен аптада қазан айының үшінші жексенбісі құтқарушылар күніне орай «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

Іс-шара барысында партия төрағасы құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, олардың кәсіби біліктілігі мен батылдығына жоғары баға берді.

Жиын барысында Манарбек Көшкімбаев құтқарушылардың еңбектері адамдардың өмірін, елдің тыныштығын сақтауға бағытталған игі іс екендігі, қауіп-қатерге қарамастан, міндеттерін адал атқарып келе жатқанына алғыс білдірді.

Салтанатты жиында бірқатар қыз­меткерлерге партияның аудандық филиалы атынан Алғыс хаттар мен естелік сый-сияпаттар табыс етілді. Қатысушылар мерекелік шарадан ерекше әсер алып, алдағы уақытта да ел игілігі үшін адал қызмет етуге ниет білдірді.