Мойынқұм таңы

Су басудың алдын алу шарасы пысықталды

0 21

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне облыс аумағында су қорғау аймақтарында орналасқан және көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың қауіпін азайту мен алдын алу мақсатында тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр суларынан елді мекендерді су басудың алдын алу шараларының атқарылуы барысын зерделеу жөніндегі жұмыс тобы ауданымыздағы Шу өзенінің арнасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімдігінің ғимаратында ау­дан әкімінің міндетін атқарушы Еркін Заурбековтің төрағалығымен штаб оты­рысы өтті. Облыс орталығынан кел­ген жұмыс тобында облыс әкімі аппа­ратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас инспекторы А.Жаңабаев, ТЖД төтенше жағдайларының ал­дын алу басқармасының бастығы М.Жатқанбаев, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын­басары Б.Молдашев, «Қазсушар» РМК ЖОФ еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Ғ.Джанысбаев, Шу-Талас инспекциясы басшысының орынбасары Н.Ақжолов, Жамбыл су қоймалары КММ-нің директоры Б.Ибрагимов, аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов және аудандағы ТЖБ мамандары атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, ары қарай Шу өзені арнасын аралады.