Мойынқұм таңы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды

0 21

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында маңызды жиын өтті. Жиында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жөніндегі тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер талқыланды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Жұмахан Мұқашұлы Танкебаев, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры, зерделеу тобының басшысы кеңес мүшесі Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудандық маслихат төрағасы Нұртас Саурықов, аудан әкімдігінің бөлімдерінің басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жолдарын талқылап, тиімді ұсыныстарымен бөлісті.