Ауданда 1941-1945 жылғы соғыс ардагерлеріне арналған мемориал жаңғыртылып, майдангерлердің есімдері арнайы тақтаға жазылатын болады. Бұл — ерлікке тағзым, өткенге құрмет, ұрпаққа үлгі.Батыр бабаларымыздың есімі мәңгілік жадымызда қалуы үшін біз әрбір ардагерді тізімге енгізіп, лайықты құрмет көрсетуіміз керек.
Егер сіздің ата-әжеңіз, туған-туыстарыңыз Ардагер қатарында болса, олардың есімі тізімде бар-жоғын білу үшін аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Таңшолпан Құлбаеваға хабарласа аласыз.
Байланыс телефоны: 87002653489 (жұмыс уақытында хабарласуды сұраймыз) WhatsApp-та осы нөмірде.