Мойынқұм таңы

Таңнұр жүлдемен оралды

0 19

Ақпанның 15-24 жұлдызында Румы­нияның Брэйла қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Dracula Open халықаралық турнирі өткен болатын. Былғары қолғап шеберлерін аға бапкер Бағдат Оңғарбеков бастап барып, 21-і жүлдемен елге оралды.

Қазақстан құрамасы 21 жүлде иеленіп, командалық есепте топ жарды. Жарыста 25 елдің боксшылары сынға түсті.

Олардың қатарында жерлесіміз Мойынқұм ауылының тұрғыны, М.Жұмаба­ев атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Таңнұр Сейсенбай 75 келі сал­мақта өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынға ие болды.

Таңнұрды, ата-анасын, бапкерлерін жүлдесімен шын жүректен құт­тық­таймыз! Бұданда биік белестерді ба­ғындыруға тілектеспіз!