Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу – аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның негізгі функцияларының бірі.
1 маусым – балаларды қорғау күніне орай кәмелетке толмағандар арасындағы өзара қақтығыс салдарынан бала өлімі орын алған Меркі ауданындағы жағдайдың қайталануының алдын алу, ауданымыздың мектеп оқушылары арасында достық пен татулыққа негізделген қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Төлеулиев Мейірхан Берікұлының бастамасымен аудандық орталық стадионда Т.Рысқұлов атындағы тірек-мектебінің, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 9,10,11-сынып оқушылары қамтылған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара оқушылардың өзара бірлігі мен ынтымағын насихаттайтын шаралармен бастау алып, спорттық ойындармен жалғасын тапты.
Спорттың 8 түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, эстафеталық жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, арқан тартыс, секірмекпен секіру) ұйымдастырылған іс-шара қорытындысымен жүлделі орындарға ие болған командалар мен оқушылар мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.
Комиссия төрағасы М.Төлеулиев іс-шараны қорытындылай келе, белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, оларды әрдайым бір-бірлерімен өзара достық қарым-қатынаста болуға шақырды.