Мойынқұм таңы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – жалғасуда

0 12

Мойынқұм ауданында еліміз бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.

Бұл жолғы сенбілік көпшілік жиі демалатын Шу өзені жағалауында ұйымдастырылды. Акцияға ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының ұжымы, аудандық мәслихат ұжымы, аудандық мәслихаттың депутаттары, Жастар ресурстық орталығының директоры, Жастар Рухы жастар қанатының төрағасы Мәди Күнту, «Жасыл ел» еңбек жасақтарынан құралған еріктілер, ауданның белсенді жастары қатысты.

Жағажай аумағы қалдықтардан тазартылып, экологиялық мәдениетті насихаттау жұмыстары жүргізілді. Акция – тек сенбілік емес, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тәрбиелік шара.

Акцияға қатысқан азаматтар осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылуы мен оған жастарымыздың белсене қатысуына шақырды.

Табиғат – бәрімізге ортақ қазына. Оны қорғау – әр азаматтың борышы. Жағажайда демалған соң, артыңыздан қоқысты жинап, тазалықты сақтауға шақырамыз! Тазалық – тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде!