Мойынқұм таңы

Тегін медициналық көмек көрсетілуде

0 22

Ауданымыздың Хантау ауылына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады. 2024 жылғы 1 мамырда «Саламатты Қазақстан» пойызы» жобасы басталды. Жобаны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты – шалғай аудандар мен елді мекендерде тұ­ратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиа­тивтік көмек көрсету.
Барлық өңірлердің 140 шалғай стан­циясының кемінде 90 000 тұрғынын қамту жоспарлануда.

Салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, Хантау ауылының аналар кеңесінің төрайымы Қанат Туешиева сөз сөйлеп, дә­рігерлерге алғыс білдірді. Өз кезегінде пойыздың бас дәрігері А.Егінбаева тұрғындарға қандай қызметтер көр­се­тілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, пойызда заңгер әрі медиатор маман Ш.Ағзанбаева да сөз алып, жұртшылыққа кез келген заң тұрғысынан қиындықтар болған жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тегін медициналық көмектер хи­рург, педиатр, психолог, невра­потолог, ультрадыбыстық диагностика, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, ЭКГ, ЛОР, офтальмолог, онколог-мамолог, гинеколог және уролог қызметтері мен заңгерлік көмектер көрсетілді.

Азаматтардың мемлекеттік әлеу­меттік қолдау алуға құқықтары, зеи­̆нетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер берілуде.

Медициналық пойыздың стан­ция­ларда тұру мерзімі:
21-22 қараша Хантау станциясы;
23 қараша Қияқты станциясы;
24 қараша Бурылбайтал станциясы;
25-26 қараша Шығанақ станциясы;
27-28 қараша Мыңарал станциясы.

Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09:00-18:30, түскі үзіліс сағат 13:00-14:00 аралығында екенін ха­бар­лаймыз.

Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты medpoezd.kz сайтынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.