Мойынқұм таңы

Тірлігі мығым Ұланбел ауылы

0 35

Аудан орталығынан шалғайда орналасқан, жыл сайын көркейіп келе жатқан ауылдардың бірі – Ұланбел ауылы. Ауылды абаттандырып, гүл­дендіру мақсатында мемлекеттік қызметші Талғат Алпысбайұлы ауыл жастарының қолдауымен «Жайнасын көркем, Ұланбелім!», ұранымен «Ұлан­бел қорын» ұйымдастырып, ауыл­ды жаң­ғырту мақсатында ауқымды тірлікті бастап кетті. Атап айтқанда, ауылға кіре беріс қақпаның жанынан төлқұжат стелласы мен киіз үй құрылысы, тал-дарақтар егу жұмыстары атқарылуда.

«Ілкімді іс ауыл жастарын, Ұланбел ауылынан шыққан азаматтарды, кәсіп­керлерді тарта отырып ұйымдас­тырылды. «Ауылды абаттандыру-ортақ іс», игі іске көмектесіп жатқан ауыл тұрғындарына, жастарға, кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз» –дейді Т. Алпысбайұлы.

–Қазіргі таңда ауылымызда 3 көшеге асфальт салу, 3 көшеге жарық шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Ауылдың атына сай, заманауи болғаны әрбір тұрғын үшін мақтаныш емес пе?, — дейді ауылдық округ әкімі Еркебұлан Абасұлы.
Елді бірлікке ұйытып, үлкен іс ат­қарған азаматтарға халық алғыстарын жаудыруда.