Осы аптаның сәрсенбісінде аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының төрағасы Ержан Әмірхановтың басшылығымен отырыс өтті. Отырысқа комиссия мүшелері толығымен қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде «2024 жылғы шомылу маусымының қорытындысы және өрт қауіпті кезеңінің өту нәтижелері туралы», «2024 жылғы су тасқыны кезеңінің өту нәтижесі туралы», «Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы» мәселелер қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейірбек Дүйсембаев хабарлама жасады. 2024 жылдың өрт маусымы кезеңі басталғаннан өрт қауіпсіздігіне байланысты азаматтардың қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша жергілікті әкімдіктің Іnstagram парақшасы арқылы тікелей эфирде «Дала, егіс алқаптарының өртінен сақтанайық» және «Тұрғын үйді өрттен сақта» тақырыбында 2 рет хабарлама жасалды. Жергілікті баспасөзде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің сайтына «Егіс алқаптарын өрттен сақтайық», «Өрт қауіпі кезінде сақтық шаралары бойынша рейдтік жұмыстар» тақырыптарында 17 мақала жарық көрді.Аудан бойынша дауыс күшейткіштер арқылы 120 хабарламалар және аудан әкімдігінің «Instagram» арнайы парақшасына 28 ақпараттық материалдар жарияланды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі тақырыбында 4 бильборд және 14 ескерту таяқшалары орнатылды.
2024 жылдың жазғы шомылу маусымында Мойынқұм ауданындағы су айдындарында судағы қайғылы оқиғалардың, адам өлімін болдырмау және алдын алу іс-шаралары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда:
Бекітілген жоспарға сәйкес, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының өткізілуі ұйымдастырылды. Комиссия отырысында су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша ТЖ комиссияларының отырысын 2024 жылдың 23 сәуірі күні өткізілді. №2 хаттама іс-шараларын, оның ішінде аудандық және ауылдық әкімдіктер өкілдері тарапынан су айдындарында, демалыс аймақтарында жауапты адамдарды айқындауын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті тапсырмалар берілді.
Бірінші мәселе бойынша Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің директоры Кенжебек Абай мен Қарабөгет ауылдық округі әкімі Бағдат Сатыбалдиев қосымша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жасалған төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейірбек Дүйсембаевтың хабарламасынан кейін қазіргі таңда Радай көпірінің құрылысы жүріп жатуына байланысты Шу өзені суының басым бөлігі ағып жатқан Комсомол елдімекеніне дейінгі жол бойындағы өзектің кейбір тұстары жолды шайып кету қауіпі бар екені айтылып, талқыға салынды. Нәтижесінде комиссия құрамындағы жауапты тұлғалардан құралған жұмысшы топ күнделікті бақылауға алып тұратын болып шешім қабылдады.