Мойынқұм таңы

Туған жерді күтіп ұстау өзіміздің қолымызда

0 14

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мыңарал ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды.

Таза Қазақстан — ластанған аумақ­тарды қалдықтардан тазартуға, эколо­гиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция. Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды.

Бүгінде таза Қазақстан респуб­ликалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпы­халықтық эко-челленджге айналды.
Өлкемізде де жалпы ұлттық эко­логиялық акцияны өткізу арқылы табиғат анаға деген шексіз махаббат пен қоқыс тастау мәдениеті қалыптасты десек артық айтпаймыз.

Бүгінде ауданда жастармен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де экологиялық акцияға қатысу бел­сенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда.

Қазақтың «атадан мал қалғанша тал қалсын» — деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Алдағы уақытта тек ресми түрде ғана өткізілмей, үздіксіз түрде өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені туған жерді аялап, күтіп ұстау өзіміздің қолымызда!